Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Үкімет отырысында осындай деректерді ұсынды. Оның айтуынша, бұл құлдырау елдің үш ірі кенішіндегі өндіріс көлемінің азаюына байланысты болып отыр.
Көрнекісурет: Walter Siegmund (talk) · CC BY 2.5. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес.
Атап айтқанда, алғашқы тоғыз айда Теңізде 26,7 миллион тонна мұнай өндіріліп, бұл өткен жылғы деңгейдің 88 пайызын құрады. Қашағанда көрсеткіш 12,8 миллион тоннаға жетіп, 94 пайызды көрсетсе, Қарашығанақта 7,5 миллион тонна өндіріліп, бұл өткен жылғы деңгейдің 82 пайызын құрады.
Туындаған тапшылықты азайту мақсатында билік Теңіз және Қашаған кеніштеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі кеніш операторларымен өндіріс көлемін арттыру бағытында келіссөздер жүргізіп жатыр.
Мұнай өндіру көлемі азайғанымен, мұнай өнімдерін шығару көрсеткіші 2,4 пайызға өсіп, 11,9 миллион тоннаға жетті. Атап айтқанда, бензин өндірісі 3,9 пайызға көбейіп, 4,6 миллион тонна болды, ал дизель отыны 3,3 пайызға артып, 4,8 миллион тоннаға жетті.






