Автоматты таңдау

Өзекті жаңалықтар

Жаңалығы, оқырман қызығушылығы және редакциялық маңызы бірге ескерілген материалдар.

Оқу тарихыӘзірге бос

Оралдық әжелер бөбекжайға барып жүр

Орал қаласындағы «Бөбек kids» бөбекжайының ересек топ тәрбиеленушілері әжелермен кездесті. Тағылымды іс-шара «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты бастаған «Мен әжемнен үйрендім» челленджі аясында ұйымдастырылды.

БҚО-ның Сырым ауданында Жиембет жыраудың еңбегі мен ерлігі дәріптелді

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде Жиембет жыраудың ұрпағы Шотан Көбейұлының кесенесі ашылды. Осы күні Жиембет Біртоғашұлының 450 жылдығына арналған ғылыми конференция өткізілді.

БҚО-да «Әділет» партиясының өкілдері белсенді жастармен жүздесті

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жас ұрпақтың жасампаз бастамаларын қолдауға, «бір толқында» болуға дайын. Бұл туралы ботаникалық бақтағы басқосуда айтылды.

БҚО-да халықаралық тоғызқұмалақ күні аталып өтті

Оралда халықаралық тоғызқұмалақ күні облыстық федерацияның кубогі сарапқа салынды. Ұлттық спорт турнирінің ашылу рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Мұхтар Манкеев қатысты.

Осы кезеңдегі барлық материал көрсетілді