Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа қағидаларға сәйкес, шақыруға бригада тағайындалғаннан кейін науқастарға автоматты түрде хабарлама келеді. Содан кейін олар геолокация қызметтері арқылы жедел жәрдем көлігінің орналасқан жері мен қозғалысын қадағалай алады.
Көрнекісурет: Fbo194 · CC BY-SA 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес. Өңделген көрнекісурет те CC BY-SA 4.0 лицензиясымен таратылады.
Шұғыл шақыруларға баратын мобильді алғашқы медициналық-санитариялық көмек топтарының автокөліктері де GPS-трекерлермен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. Бұл олардың орнын нақты уақыт режимінде бақылауға жағдай жасайды.
Құжатта шақыру санаттарына қарай келу уақыты нақты белгіленді. Бірінші санаттағы өмірге қауіп төндіретін жағдайларға 10 минут ішінде, екінші санатқа 15 минут ішінде, ал үшінші санатқа 30 минут ішінде келу қажет. Өмірге тікелей қауіп төндірмейтін шұғыл жағдайларға 60 минутқа дейін уақыт беріледі.
Сонымен қатар, шұғыл шақыруларға қызмет көрсететін мобильді топтардың жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылды. Енді олар жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі 8:00-ге дейін жұмыс істейді.






