Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары тек бір күміс медальға қол жеткізді. Турнирдің соңғы күнінде аралас командалық сайыс өтіп, онда қазақстандықтар алғашқы кездесуде Франция командасына 4:1 есебімен есе жіберді.
Көрнекісурет: RuinDig/Yuki Uchida · CC BY 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес.
Сонымен қатар 81 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін таласта қарсыласына жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Осылайша, ұлттық құрама Бакудегі әлем біріншілігін бір ғана күміс жүлдемен қорытындылады.






