
БҚО-ның Сырым ауданында Жиембет жыраудың еңбегі мен ерлігі дәріптелді
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде Жиембет жыраудың ұрпағы Шотан Көбейұлының кесенесі ашылды. Осы күні Жиембет Біртоғашұлының 450 жылдығына арналған ғылыми конференция өткізілді.