
Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 15,75 пайызға дейін төмендетті
Қазақстан Ұлттық банкінің Монетарлық саясат комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,75 пайыз деңгейінде белгіледі. Реттеуші бұл шешімді жылдық инфляцияның баяулауымен және инфляциялық күтулердің жұмсаруымен түсіндірді.