Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыркүйек айында елдегі инфляция 9,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш қатарынан он екінші ай бойы төмендеп келеді.
Көрнекісурет: DXR · CC BY-SA 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес. Өңделген көрнекісурет те CC BY-SA 4.0 лицензиясымен таратылады.
Азық-түлік инфляциясы 8,5 пайызға дейін баяулады, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11 пайызға түсті. Қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар халықтың алдағы 12 айға арналған инфляциялық күтулері тамыздағы 12,1 пайыздан қыркүйекте 11,8 пайызға азайды.
Дегенмен инфляциялық қатерлер теңгерімі жоғарылау бағытында сақталып отыр. Ұлттық банк ішкі сұраныстың күшті болуын, жанар-жағармай мен реттелетін тарифтердің өзгеруін, сондай-ақ әлемдік нарықтағы энергия мен азық-түлік бағасының жоғары болуын негізгі инфляциялық факторлар ретінде атады.
Реттеуші өткен жылғы төмен база әсеріне байланысты жыл соңына қарай жылдық инфляцияның біршама өсуі мүмкін екенін ескертті. Ұлттық банк алдағы шешімдер инфляция динамикасына, күтулерге және қатерлер теңгерімінің өзгеруіне байланысты болатынын мәлімдеді. Банктің мақсаты — 2028 жылға қарай инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарланған шешім 4 желтоқсанда жарияланады.






