Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үшінші орын үшін өткен сайыста қазақстандық спортшы Таиланд өкілі Супхават Самутчайякийді 6:2 есебімен жеңді. Тартысты бәсеке төрт сетке созылып, нәтижесінде отандасымыз 26:24, 23:22, 23:26 және 26:23 есебімен басым түсті.
Көрнекісурет: Martin Michlmayr · CC BY-SA 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес. Өңделген көрнекісурет те CC BY-SA 4.0 лицензиясымен таратылады.
Жарыс жолында Тілеуқасым ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысын 7:3 есебімен тізе бүктірді. Алайда жартылай финалда Қытай өкіліне 0:6 есебімен есе жіберіп, финалдан тыс қалған болатын.
Бұл марапат спортшының бұл додадағы екінші жүлдесі атанды. 21 қазанда Нұршат Тілеуқасым мен Темірлан Сейіткамал жұптық сында күміс жүлде еншілеген еді. Жалпы бұл жетістік — Қазақстанның пара садақ ату спорты тарихындағы Азия Пара ойындарындағы алғашқы медаль.






