Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мароккодағы турнирдің алдында Қазақстан құрамасы Швейцария мен Франциядан кейін үшінші орында тұрған еді. Касабланкадағы жарыста топ жарған отандық спортшылар бәсекелестерін басып озып, бірінші орынға көтерілді.

Көрнекісурет: George E. Koronaios · CC BY-SA 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес. Өңделген көрнекісурет те CC BY-SA 4.0 лицензиясымен таратылады.

Команда бұған дейін соңғы он екі ай ішінде бірнеше ірі халықаралық жарыста топ жарған болатын. Атап айтқанда, былтыр қарашада Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында, маусым айында Нью-Делидегі Азия чемпионатында, шілдеде Гонконгтағы әлем чемпионатында және қыркүйекте Айти-Нагоядағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Бұл салада осы уақытқа дейін Франция, Италия, Венгрия, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Корея елдері үздік болып келген еді. Енді дүниежүзілік рейтингте Қазақстан командасы көш бастап тұр.

Рейтингтегі көшбасшылыққа қол жеткізген құрамда Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов өнер көрсетті. Турнир барысында олар ерлер командасы арасындағы шпагадан 23 дүркін әлем чемпионы атанған Франция құрамасын жеңді.