Бұл туралы «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа құжат ел аумағында ұшқышсыз технологияларды дамытуға қажетті құқықтық база, инфрақұрылым мен ынталандыру шараларын қалыптастыруды көздейді. Бұл экономика тиімділігін арттырып, экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Көрнекісурет: Rubin Observatory/NSF/AURA · CC BY 4.0. Өлшемі мен форматы өзгертілді. Бұл оқиға орнында түсірілген фото емес.
Жоспар аясында бірыңғай цифрлық платформа іске қосылып, ұшқышсыз әуе кемелері қозғалысын басқару жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ кемінде екі зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталық ашу көзделген.
Мамандарды даярлау бағытында ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары, құрастыру инженерлері, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері мен киберқауіпсіздік мамандары қатарынан кемінде 1 000 кадр оқытылады.
Бұдан бөлек, ұшқышсыз жүйелерді құрастыру, сынақтан өткізу және қызмет көрсету салаларын дамыту арқылы отандық өндіріс қуатын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл технологиялар ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, мемлекеттік қызметтер және өнеркәсіп салаларына енгізіледі.






