БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде Орал қаласы мен барлық аудандағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде тоғызқұмалақ бөлімдері жұмыс істейді. Облыста 3 мыңнан астам адам осы спортпен шұғылданса, оның 2 мыңға жуығы – мектеп жасындағы балалар.

Облыс әкімі спортшылар мен ұлттық ойын жанкүйерлерін төл мерекемен құттықтады. Ол бабадан жеткен мұраны сақтап, кейінгі буынға аманат ету баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, төл спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріп келеді. Оның ішінде зияткерлік ойындардың да орны ерекше. Батыс Қазақстан облысы тоғызқұмалақ спортын дамыту бойынша еліміздегі үздік бес өңірдің қатарына енді. Бұл – спортшылар мен жаттықтырушылардың, сала мамандары мен жергілікті федерацияның ортақ еңбегінің нәтижесі, - деді Нариман Төреғалиев.

1 / 7
Кадрларды сырғыту, нүктелер немесе сол және оң жақ көрсеткі пернелері арқылы ауыстыруға болады.

Өңірде кейінгі жылдары тоғызқұмалақшыларды қолдау шаралары кеңейтілді. Бұл күні де төл спортты түлетуге атсалысқан азаматтар мен байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатқан спортшыларға сый-құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, зияткерлік додаға Орал қаласы мен аудандардан келген 160-тан астам спортшы қатысып жатыр.